Текст
Аутизм айлығы аясында 5 сынып оқушылары үшін «жаңбыр балалары»сынып сағаты өтті.
Мақсаты: аутизмі бар балаларға қатысты білім алушыларда оң көзқарас қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Оқушыларды аутизм ұғымымен таныстыру.
2. Аутизмі бар балалардағы ерекшеліктерді түсіну. Топтарда жемісті жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
3. Сабақ тақырыбына өз көзқарасын білдіре білу.
«Сынып сағатында тақырыптық әлеуметтік ролик көрсетілді. Осыдан кейін біз ерекше балаларды «жаңбыр адамдары» деп атайтынымызды, аутизмнің алғашқы белгілері қандай екенін, мұндай адамдарға қалай көмектесе алатынымызды білдік».
Педагог-психолог: Гребенщикова Анна Николаевна