Текст
16 ақпан күні 1 сынып оқушылары үшін "1 наурыз-Алғыс айту күні"тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар мерекенің тарихымен танысып, өз елінің тарихынан көптеген жаңалықтар білді. Сондай-ақ әлем халықтарының дәстүрлеріне сәйкес бір-бірімен амандасуды үйренді. Балалар "алғыс гүлін" өсірді , Қазақстан аумағында тұратын халықтардың ұлттық дәстүрлерімен және костюмдерімен танысты.
Мұғалім: Хорошун А. К.