Текст
" Конституциялық таңдау және сайлану құқығы"тақырыбында сынып сағаты бойынша ақпарат
2022 жылдың 03 ақпанында "Тоқтамыс ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ 10-11 сыныптарда " Конституциялық таңдау және сайлану құқығы"тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағатына учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері шақырылды.
10 сынып жетекшісі Токарева Татьяна Викторовна презентацияны көрсете отырып, сайлау құқығы туралы әңгіме айтты.
Сондай-ақ, Ерголка ауылдық округінің ҚАК төрағасы Е.Г. Садыков сайлау учаскесін дайындау процесі және азаматтардың дауыс беру барысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Комиссия мүшелері оқушылардың сұрақтарына жауап берді.