Текст
Ұстаздардың кәсіби мерекесін атап өту қарсаңында мектебімізде 10-11 сынып оқушыларына арнап педагогикалық еңбек ардагері Максименко Татьяна Николаевнамен кездесу ұйымдастырылды. 41 жыл еңбек өтілі бар математика пәнінің мұғалімі, педагогикалық еңбек ардагері Татьяна Николаевна болашақ мектебіміздің түлектеріне қиындығы мен қуанышы бірге жүретін ұстаздық еңбек жайлы әңгімелеп берді. Оқушылар ардагер ұстазға осы бір жауапкершілігі мол мамандық жайлы өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, тартымды сұхбыт жүргізілді. Кездесу соңында мектеп ұжымы мен оқушылар атынан зейнеткер ұстазды кәсіби мерекесімен құттықтап, гүл шоғын сыйлады.