Текст
Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету – маңызды мемлекеттік міндет. Бұл мәселені шешуде жол қозғалысының барлық қатысушыларын алдын – ала және дұрыс дайындаудың ерекше маңызы бар, оның барысында ең маңызды қатысушылар-балаларға ерекше назар аудару керек.
"Мектепке қауіпсіз жол" айлығы аясында "Тоқтамыс ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-де бастауыш сынып оқушылары үшін жол қозғалысы ережелері бойынша сынып сағаттары өткізіледі.